2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі) (ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1429 қаулысына 584-601 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г; 24.12.03 ж. № 150ам; 26.12.03 ж. № 150ап қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
Қазақстан Республикасы стандарттарының талаптарына жауап беретiн өрттен
қорғану үшiн объектілердi, аспаптар мен жабдықтарды пайдалану, адамдар мен
материалдық құндылықтардың өрт қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету. 2003 жылы
300-ге дейiн лицензия беру жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

594-қосымша

ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г; 26.12.03 ж. № 150ап қаулыларымен 594-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi

бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған "Төтенше жағдайлар жөнiндегі мекемелердi

материалдық-техникалық жарақтандыру"

208 республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 449146 мың теңге (төрт жүз қырық тоғыз миллион бiр жүз қырық алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Авариялық-құтқару қызметi мен құтқарушылар мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңы; "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 481 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiне жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 482 қаулысы; "Республикалық жедел құтқару жасағы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 ақпандағы № 235 қаулысы; "28237, 52859, 68303 әскери бөлiмдерiнiң Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының штабына бағыныстылығы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуірдегі № 264 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 11 наурыздағы № 400 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 8 шiлдедегi № 1037 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда және жою кезiнде тұрақты жұмыс iстеуi үшiн республикалық жедел құтқару жасағын, әскери бөлiмдердi, аймақтық аэромобильдi жедел құтқару жасақтарын, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесiн қажеттi жабдықтармен, автокөлiктермен, құралдармен жабдықтау.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық жедел құтқару жасағы қызметiнiң тиiмділігiн, әскери бөлiмдердiң тұрақты түрде жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, төтенше жағдайларды жою жөніндегі қызметтiң тиiмдi болуы үшiн аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару жасақтарын авариялық-құтқару аспаптарымен, жабдықтарымен, жарақтарымен және автокөлiк техникасымен қамтамасыз ету, селден қорғау құрылыстарын пайдалануды, Қазақстан Республикасының халқын, шаруашылық жүргiзушi объектiлерiн және жерлерiн табиғаттың қауіптi құбылыстарының әсерiнен (сел тасқыны, қар көшкiнi, жар көшкiнi, опырылып құлау, жер сiлкiнiсi) сенiмдi түрде қорғалуын қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
Республикалық жедел қимылдау жасақтары алдағы уақытта одан әрi нығайту
және жоғары кәсiби ұйым құру, автокөлiк, химиялық қаруға қарсы және сүңгу
жабдықтарын, радио байланыстың арнайы құралдарын және медициналық
жабдықтар мен ұйымдастыру техникасын жедел режимде (тұрақты дайындықта)
ұстау, әскери бөлiмдердiң тұрақты жұмыс iстеуi, табиғи апаттардың
авариялардың, апаттардың зардаптарын жою және зардап шеккендерге көмек
көрсету мақсатында аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару жасақтарын
авариялық-құтқару, автокөлiк техникасымен, жабдықтармен және аспаптармен
жабдықтау, Алматы облысының халқын, шаруашылық жүргізуші объектілері мен
жерлерiн сенiмдi түрде қорғау және қорғану құрылыстарын пайдалану
жағдайында ұстау.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

595-қосымша

ҚР Үкіметінің 26.12.03 ж. № 150ап қаулысымен 595-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi

бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған "Сел тасқындарын бақылаудың

автоматтандырылған жүйелерiн жасау"

216 республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 50000 мың теңге (елу миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң ведомстволық бағынысты жекелеген ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 482 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 481 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сел қаупi бар объектiлер мен сел тасқындарын бақылауды және мониторингiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халқын, шаруашылық объектiлерiн және жерлерiн қауiптi табиғи құбылыстардан сенiмдi қорғау.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мәлiметтердi спутник арқылы беретiн сел тасқындары мен сел қаупi бар объектiлердi қадағалайтын "Селинфо" автоматты жүйесiнiң жобасын жасау. Бақылау және хабарлау постарын ұстау. Сел қаупi бар объектiлер бассейнiнiң гидрометеорологиялық сипатын анықтау жөнiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: сел
тасқындарын болжау және хабарлау тиiмдiлiгiн арттыру, жаңа сел
тасқындарының маңызды сипатын өлшеу дәлдiгiн қамтамасыз ету, iс жүзіндегі
автоматтандырылған бақылау пунктiнiң макетiн жасау және апробациялау.
Aвтоматты бақылау пунктiнiң қызмет етуi үшiн қажеттi бағдарламалық қаражат
әзiрлеу, сел тудыратын факторлар мен туындайтын сел тасқындары туралы
ақпаратты өңдеу жеделдiгiн арттыру.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

596-қосымша

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi

бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған "Талғар өзенiнде сел ұстайтын бөгет салу"

300 республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 600000 мың теңге (алты жүз миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Алматы облысының елдi мекендерiн және ауыл шаруашылығы объектiлерiн, автокөлiк, су жолдарын сел тасқынынан қорғау.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Алматы облысы халқының, өнеркәсiптiк объектiлерiнiң, автокөлiк, су жолдарының селден қорғану жағдайын жасау үшiн Талғар өзенiнде селдi ұстайтын бөгет объектiсiнiң күрделi құрылысын жүргiзу және табиғат көрiнiсiн сақтап қалу.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: Селге
қарсы бөгеттің күрделi құрылысты жүргiзу 2003 жылғы жобалық сметалық
құнының 17%-ын құрайды. 2003 жылдың 1 қаңтарына жұмыстардың 52,9%-ы
орындалды, орындалатын жұмыстың жалпы көлемi жобалық сметалық құнының
69,9%-ын құрайды.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

597-қосымша

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi

бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған "Қарғалы өзенiнде селге қарсы құрылыс

салу" 302 республикалық бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 180 000 мың теңге (бip жүз сексен миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегi Заңы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Алматы облысының елдi мекендерiн және ауыл шаруашылығы объектiлерін, автокөлiк, су жолдарын сел тасқынынан қорғау.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Алматы облысы xалқының, өнеркәсiптік объектiлерiнің, автокөлiк, су жолдарының селден қорғану жағдайын жасау үшiн Қарғалы өзенiнде селден қорғайтын құрылыс салу және табиғат көрiнiсiн сақтап қалу.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары:

 
 
 
      7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: Қарғалы
өзенiнде жобалық қуаты 2480 мың текше метрлік селден қорғау құрылысын
аяқтау.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1429 қаулысына

598-қосымша

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi